
«Әскерилермен халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және арық жүйелерін тазалау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Заречный көшесінде 25 метр арық жүйелері мұздан арылды, Грязнушка өзеніндегі көпірдің асты ені 2 метр, тереңдігі 70 сантиметр тазартылды. Лазо көшесінде халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерден бастап, ұзындығы – 135 метр, ені 90 сантиметр арық жүйелерін қардан тазарту бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілді», делінген хабарламада.