Аймақтар • 12 Сәуір, 2022

ШҚО-да қар көшкіні қауіп төндіріп тұр

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында 15 сәуірге дейін қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да қар көшкіні қауіп төндіріп тұр

12-15 сәуір аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, ауа температурасының күрт жылынуына және жаңбыр жаууына байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше