Аймақтар • 18 Сәуір, 2022

ШҚО тұрғынынан марихуана тәркіленді

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Өскемен тұрғынынан бір килограмм марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО тұрғынынан марихуана тәркіленді

ШҚО ПД баспасөз қызметі жедел іс-шаралар өткізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 37 жастағы тұрғынын ұстағанын хабарлады.

Тінту барысында ұсталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша өсімдік тектес заты бар полимер пакет пен термос табылып, тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 687,57 грамм кептірілген марихуана есірткісі болып табылды.

Есірткінің қайдан шыққаны анықталуда.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 297-бабының 2-бөлігі  «Есірткі, психотроптық, және сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясымен 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35