Аймақтар • 19 Сәуір, 2022

Қауіпті жәндіктер ерте оянды

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық санитарлық-эпиде­мио­логиялық бақылау департаменті кене ша­ғып алған 6 адамның дәрігер көмегіне жүгін­генін мәлімдеді. Олардың ішінде 10 жастағы бала бар. Мамандар кененің жылдағы мерзімнен ерте көбейіп кетуінің себебі ауа райының күрт ысып кетуімен байланысты деп отыр.

Қауіпті жәндіктер ерте оянды

Қансорғыш жәндіктер энцефалит, боррелиоз тәрізді жұқпалы аурулар таратады. Әзірге кене шағып емдеу мекемелеріне жүгінгендерден ондай қауіпті дерт анықталған жоқ.

– Кене шаққан алты адамның бәрі дәрігерлердің бақылауына алынды. Олардың денсаулығы үш апта бойы жіті қадағаланады. Сондай-ақ қазір ашық далада, егін алқаптарында, мал шаруашылығында еңбек етіп жүрген адамдарға екпе жасалады. Біз тұрғын­дарды аса сақ болуға шақырамыз. Кене шақ­қан адам дереу дәрігерге қаралмаса, асқын­ған ауру дауасыз дертке ұласуы мүмкін, – деді сани­тарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Людмила Налобина.

Қауіптің алдын алу мақсатында облыстық СЭБ департаменті мен Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары Қостанай және Алтынсарин аудандарындағы елді мекендердің маңайынан кене жинап, жәндіктердің қандай дерттің қоздырғыштарын таратуы мүмкін екенін анықтамақ.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше