Экономика • 19 Сәуір, 2022

Қазақстанда күнбағыс майы өндірісінің көлемі артты

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда күнбағыс майын өндіру мен оның экспорт көлемі артты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда күнбағыс майы өндірісінің көлемі артты

Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлік тарапынан ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру және қайта өңдеу кәсіпорындарын жүктеу мақсатында 2021 жылдың қыркүйегінде күнбағыс тұқымдары мен күнбағыс майының экспортына шектеулер енгізілді.

Шектеу шараларын енгізу нәтижесінде күнбағыс майының бөлшек сауда бағасы тұрақтанды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша тазартылған күнбағыс майын өндіру көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 10,2 % артты. 2022 жылдың өткен кезеңінде күнбағыс майының экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8 есе артты (140,7 мың тонна және 28,9 мың тонна сәйкесінше).

Жыл сайын күнбағыс майы экспортының жалпы көлемінің шамамен 60 % Өзбекстанға жеткізіледі, бұл ретте күнбағыс майын өткізу нарықтарының кеңеюі байқалады. Дәстүрлі Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қытай елдерінен басқа, күнбағыс майын Чехия, Литва, Түркия елдеріне жеткізу жүзеге асырылды.

«Шикізат базасын дамытуды ынталандыру үшін майлы дақылдарды өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде (май тұқымдарын өңдеуге тапсыру, тұқым, тыңайтқыш, пестицидтер сатып алуға субсидия беру және т. б.). Соның арқасында өткен жылы күнбағыс егу алаңы 200 мың гектарға ұлғайды. Биылғы жылы күнбағыс себуді 20,7 мың га ұлғайту жоспарланып отыр», дейді ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03