Аймақтар • 23 Сәуір, 2022

Шымкентте жол ережесін жиі бұзатындарды анықтайтын бағдарлама іске қосылды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерді анықтайтын «Қорғау» бағдарламасы іске қосылды. Бұл қосымша патрульдік полицейге жақын маңда 10 минут ішінде екі рет жол ережесін бұзған немесе көлігіне жалған нөмірлер орнатқан заңбұзушыларды көрсетіп отырады, деп хабарлайды Egemen.kz.



Шымкентте жол ережесін жиі бұзатындарды анықтайтын бағдарлама іске қосылды

Жаңа бағдарлама еліміздің бас полицейі Марат Ахметжановтың мегаполиске сапары аясында таныстырылды. «Қорғау» бағдарламасын мұқият түсіндіріп шыққан тәртіп сақшылары оның айыппұлы төленбеген, сақтандыру, техникалық байқаудан өтпеген немесе іздеуде жүрген автокөлік жүргізушісі жайлы хабардар ететінін айтады.

Осылайша жол қозғалысын қадағалау кезінде полиция нарядтары «тәуекел ету тобымен» бірге әрекет ететін болады. Өз кезегінде жол қозғалысының нақты уақыт режимінде алдын алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Шымкент полициясы құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету мақсатында республика бойынша алғашқы болып «Қорғау» бағдарламасын пайдаланып отыр. Бір тәулік ішінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен әртүрлі бұзушылықтары бар 70-тен астам автокөлікті тіркеді. Оның ішінде жүргізушілердің 18-і жалған нөмірмен ұсталған.



 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше