Аймақтар • 23 Сәуір, 2022

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.



Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

Сырдария ауданына қарасты Қалжан ахун ауылында тұратын Қиясовтар әулетінде бұдан бұрын бес перзенті болған. Өткен жылы 34 жастағы отанасы егіз сәбиді дүниеге әкелді. Бақытбек Қиясов пен Эльвира Әбдіғаппарованың қуанышын бөліскен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құттықтау хатын жіберді.

Хатты облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов табыстады.

«Дүние дидарына келіп, әулетті қуанышқа бөлеген бауыр ет балапандарыңыз еліне елеулі, ұлтқа адал қызмет етер азамат атансын! Шаңырақтарыңызды қуанышқа кенелтіп жатқан үшемдердің бауы берік, өмір жасы ұзақ болсын», деп жазылған аймақ басшысының құттықтауында.

Айта кетейік, бұл Қызылорда облысында биыл дүниеге келген алғашқы үшем. Қызылорда аймағы туу көрсеткіші бойынша елімізде алдыңғы орында келеді. Өңірде жылма-жыл 19-20 мың нәресте өмір есігін ашады.



Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше