Аймақтар • 23 Сәуір, 2022

Ішкі істер министрі оқушыға жеке қол сағатын сыйға тартты

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубының ең жас мүшесіне өзінің жеке қол сағатын сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрі оқушыға жеке қол сағатын сыйға тартты

М.Ахметжанов Ұлттық ұланның Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінде болды. ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Жас бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубы аталған бөлім жанынан жасақталған. Министр клуб қырандарымен танысып, олардың біріне айрықша сыйлық жасады. Ол ең жас патриотқа өзінің жеке қол сағатын сыйға тартты.

Ішкі істер министрі өңірге сапары барысында 6506 әскери бөлімінің материалдық-техникалық базасын, қызметтік инфрақұрылымын және оқу-жаттығу объектілерінің жағдайымен танысты.

Сонымен қатар, 6506 әскери бөлімінің тарихынан сыр шертетін, батырлардың ерлігін насихаттайтын мұражайдың көрмесін аралады.

«Ішкі істер органдары үшін де, Ұлттық ұлан бөлімшелері үшін де қаңтардағы оқиғалар күрделі сынақ болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қиын күндерде алдыңғы шепте конституциялық құрылым мен ел тыныштығын қорғады. Мемлекет басшысы әскерилердің жауынгерлік дайындығына, құқық қорғау саласы қызметкерлерінің жауынгерлік дайындығына айрықша мән беріп отыр», деді ІІМ басшысы Марат Ахметжанов.

 



 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше