Оқиға • 12 Мамыр, 2022

Жамбылда автобус аударылып, екі адам қаза тапты

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында 12 мамыр күні сағат 15.50 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 571-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылда автобус аударылып, екі адам қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша күн райының нашарлауына байланысты (жаңбыр мен бұршақ) жолаушылар тасымалдайтын автобустың жүргізушісі рульге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан трактордың тіркемесіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісінің көмекшісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, ауруханаға 33 адам қаралып, олардың үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен (көлік құралын басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03