Тағайындау • 18 Мамыр, 2022

Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды

 Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

- Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;

- Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;

- Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;

- Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетсек, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38