Оқиға • 18 Мамыр, 2022

Жамбылда жалған неке куәлігін жасатқан әйел ұсталды

750 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында әйел түрмедегі жігітімен кездесу үшін жалған неке қию куәлігін жасатқан, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбылда жалған неке куәлігін жасатқан әйел ұсталды

Тәртіп сақшылары аталған қылмысты жасағаны үшін 48 жастағы әйелді ұстады.

Жүргізілген тергеу нәтижесінде, күдікті әйел жазасын өтеп жатқан жігітімен кездесу үшін неке қию туралы куәлікті қолдан жасап, өзін әйелі ретінде таныстырғаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды.

«Осы баптың санкциясымен 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03