Аймақтар • 20 Мамыр, 2022

Жамбыл облысында зорлық белгілері бар әйелдің мәйіті табылды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында өрт болған үйден зорлық-зомбылықтың белгілері бар әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында зорлық белгілері бар әйелдің мәйіті табылды

2022 жылғы 18 мамырда сағат 23:28-де 102 пультіне белгісіз ер адамның үйге кіріп, пышақпен қорқытқаны туралы хабарлама түскен.

Аталған мекенжайға келген полицейлер үйдің ішінде өрт басталғанын байқап, оқиға орнына дереу өрт сөндірушілерді шақырған.

«Жатын бөлмеде зорлық-зомбылықтың белгілері бар 57 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025