Спорт • 02 Маусым, 2022

Таэквондошылар табысы

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустрияның Инсбрук қаласында таэквондодан халықаралық Austrian Open турнирі мәресіне жетті. Жарыстың алғашқы күнінде даянгқа шыққан Қазақ­станның жасөспірімдер мен жас­тар құрамалары үздік нәтиже көр­сетті.

Таэквондошылар табысы

Атап айтқанда, жас өрендеріміз жарыс барысында жалпы саны 28 медаль жиынтығын (11 алтын, 11 күміс және 6 қола) жеңіп алды. Мырзағали Суранов баптайтын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 20 медальмен (7 алтын, 8 күміс пен 5 қола) жалпыкомандалық есепте көш бастаса, жас­тар құрамасы 8 жүлдеге (4 алтын, 3 күміс пен 1 қола) қол жеткізді.

Жарыстың келесі күнінде Батырбек Есдәулетов баптайтын ересектер құрамасы да жалпы есепте үздік үштіктен көрінді. Олардың еншісінде – 2 алтын, 1 күміс пен 4 қола медаль бар. Жарыс барысында Рита Бакишева (46 кг) мен Жасур Исраиловке (58 кг) тең келер қарсылас табылмады. Ал 63 килода өнер көрсететін Әділет Базарбаев екінші орынға тұрақтады. Елжан Елшібай (58 кг), Сапарғали Әбдірашев (63 кг), Рахым Әділханов (80 кг) пен Руслан Жапаров (+87 кг) халықаралық турнирдің қола медаль иегерлері атанды.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше