Қазақстан • 02 Маусым, 2022

Жалпыұлттық «Жасыл ел» жобасының жаңа маусымы басталды

1140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда «Жасыл ел» жалпыұлттық жобасының жаңа еңбек маусымы қайта басталды. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалпыұлттық «Жасыл ел» жобасының жаңа маусымы басталды
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымының ашылу салтанатына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, республикалық жастар ұйымдарының басшылары мен «Жасыл ел» өңірлік штабтарының өкілдері қатысты.
 
«Жасыл ел» жалпыұлттық жобасы 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл жастар арасындағы ең танымал бағдарламалардың бірі десем, қате емес. Бағдарлама аясында жас қазақстандықтар қалаларды көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып жатыр. Сонымен қатар жоба еңбекке баулып қана қоймай, жастарды ортақ идеялар төңірегінде топтастырады», деп атап өтті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Жасұлан Бисембиев.
 
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары – экологиялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыруға, абаттандыруға, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған жалпыұлттық қозғалыс.
 
«Еңбек маусымының ашылуы – біз асыға күтетін ең маңызды оқиғалардың бірі. Жыл бойы жастар табыс тауып қана қоймай, тәжірибе де жинайды, өз қабілеттерін ұштайды, жаңа мүмкіндіктерді ашады. Жасақтарды іріктеу кезінде біз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға өздерін көрсетуге, демалыс кезеңінде ақша табуына көңіл бөлеміз. Биыл біз 30 мыңнан астам жасты жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз», деді «Жасыл ел» республикалық штабының жетекшісі Данияр Азамат.
 
Жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы ұйымдастырды.
Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03