Қазақстан • 02 Маусым, 2022

Өнеркәсіптен шығатын зиянды заттардың 40%-ы электр энергетикасына тиесілі

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда электр энергетикасын өндіретін өнеркәсіп нысандары жыл сайын 900 мың тонна зиянды заттар шығарады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнеркәсіптен шығатын зиянды заттардың 40%-ы электр энергетикасына тиесілі

«Электр энергетикасын өндіретін өнеркәсіп нысандары жыл сайын орта есеппен 900 мың тонна ауаны ластайтын зиянды заттар шығарады. Бұл елдегі барлық өнеркәсіптен шығатын зиянды заттардың 40%-ы. Осы орайда еліміздің энергетика секторында ең озық қолжетімді технологияларды кезең-кезеңімен енгізу және оны дамыту маңызды. Жасыл технологияны ілгерілету жолында Еуропа Одағы елдерінің озық қолжетімді технологияларға көшу тәжірибесі үлкен рөл атқарады», деді Серікқали Брекешев елордада өтіп жатқан «ECOJER» ІІ халықаралық экологиялық конгресінде.

Ведомство басшысының айтуынша, өнеркәсіп өндірісінен келетін зиянды азайту құзырлы органдардың басым міндеттерінің бірі болып қала береді.

«Қазақстан бірқатар заңнамалық құжаттар, даму стратегиялары мен бағдарламаларды қабылдау арқылы «жасыл технологияға» көшу үшін ұйымдық-құқықтық тұрғыдан негіз жасаған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет. Біз бұл стратегияны халықаралық ынтымақтастықты ескере отырып жалғастыратынымыз сөзсіз. Бұл жерде мемлекет, қоғам, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың ортақ күш-жігері ғана сын-қатерлерге төтеп беріп, елдің тұрақты әрі қауіпсіз дамуына мүмкіндік беретінін атап өткім келеді», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025