
«Осы уақыт ішінде Ұлттық кеңестің 10 мүшесі Парламент депутаты және 2 өкілі министр болды. Міне, бүгін Ұлттық кеңестің тағы бір мүшесі – Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Саясат Нұрбек – ғылым және жоғары білім министрі. Бұл тағайындаулар қоғамдық және сарапшылар ортасынан басқарушылардың жаңа толқыны келе бастағанын көрсетеді», деп жазды Ерлан Қарин.