Қазақстан • 16 Маусым, 2022

Елбасы өкілеттігі туралы Конституциялық заң қашан жойылады?

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Елбасы өкілеттігі туралы Конституциялық заң жойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы өкілеттігі туралы Конституциялық заң қашан жойылады?

«Тұңғыш Президент туралы жеке заң болуы керек деген норма Конституциядан шығарылғандықтан, сәйкесінше, бұл заң бәрінен алынып тасталуы керек», деді ҚР Әділет министрі Қанат Мусин.

Министрдің айтуынша, бұл Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес жекелеген заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы аясында болады.

«Бұл түзетулер биылғы жылы Парламенттің қарауына енгізіледі», деп қосты Қанат Мусин.

Еске сала кетсек, 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтті. Түзетулердің бірі еліміздің негізгі құжатынан Елбасы - ҚР Тұңғыш Президенті мәртебесін алып тастауды көздеді.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025