Кәсіпкерлікті қаржыландыруға бөлінген 1 трлн. теңгені мақсатты пайдалану үшін бақылау қажет
Президент Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылғы 27 ақпанда кәсіпкерлікті қолдау бойынша кең көлемді мәлімдеме жасағаны белгілі. Мемлекет басшысы мәлімдемесінде ШОБ-ты тексеруге мораторий жариялап, бизнес омбудсмен қызметін бекітуді және жеке бизнесті қолдаудағы бірқатар өзекті шаралармен қатар, кәсіпкерлікті қаржыландыруға аса ірі сома – 1 трлн. теңге бөлуді және жіберуді тапсырды. Бұл – 5 миллиардтан астам АҚШ долларына бара-бар ақша. Сонымен бірге, Президент бөлінген қаржының нақты өндіріс секторына жіберілуіне баса назар аударды. Бұл қадамның маңыздылығын айтып жеткізу мүмкін емес, өйткені, жалғасып жатқан әлемдік қаржы дағдарысы және сыртқы заемдарға қолжетімділік қысқарған жағдайда, экономика үшін қаржыландыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекет басшысы тапсырма берген күннен бастап біршама уақыт өтті. Осы кезең ішінде бизнес-қауымдастық экономикаға баруы тиіс айтылған қаржының түсуін, ереженің және оның талаптарының қабылдануын тағатсыз күтіп отыр. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бірқатар кеңестер өткізді, онда өздерінің ұсыныстарын берді. Ақиқатында, осы мерзім ішінде не банктік несиелендіру көлемінде өсу, не экономикаға қандай да бір басқа құйылымдар болған жоқ. Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы үкімет басшысына келесі мәселелер бойынша жүгінеді: 1) Мемлекет басшысымен бөлінген 1 трлн. теңгені пайдалану бойынша талаптар қашан бекітіледі? 2) Көрсетілген қаражаттың барлығы тек қана өндіріс секторына жіберіле ме? 3) Көрсетілген қаражаттың қандай бөлігі жаңа жобаларға, қаншасы қолданыстағы кәсіпорындарды қалпына келтіруге бөлінеді? 4) Бөлінген қаражаттың қандай бөлігі банктік несиелерге субсидиялар арқылы емес, тікелей кәсіпорындарды қолдауға жіберілетін болады? 5) Үкімет бөлінген қаржының кәсіпорынға дейін түсуін қандай мерзімде қамтамасыз етеді? 6) Бұл қаражатты бөлу кәсіпорындардың өздерінің экономикалық тиімділігімен негізделе ме? 7) Осы берілген қаражатты мақсатты пайдалану үшін бақылау қалайша қамтамасыз етілетін болады? «Ақ жол» ҚДП өзі тарапынан осы шараларды жүзеге асыру үшін парламенттік бақылау енгізу қажет деп санайды және оған қатысу үшін өзінің өкілдерін жіберуге дайын екенін білдіреді. Бұл ақша аспаннан түскен жоқ, ол қазақстандықтардың маңдай терімен және еңбегімен табылған және Қазақстан халқына тиесілі екенін есте сақтау қажет. Сондықтан, бұл триллионда бір де бір «тегін» теңге жоқ, олардың әрқайсысын барынша жоғары қайтарыммен пайдалану қажет. Азат ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты.3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29