Спорт • 03 Шілде, 2022

«Қазақстан барысының» жеңімпазы анықталды

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде қызылордалық Мақсат Исағабылов чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан барысының» жеңімпазы анықталды

Қызылордалық спортшы финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповпен кездесті. Нәтижесінде Мақсат қарсыласын жеңіп, биылғы турнирдің жеңімпазы атанды.

Мақсат Исағабылов 1994 жылдың 17 қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келген. Бойы 184 сантиметр, салмағы 120 келі. Бұған дейін ол қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.

Оған 25 миллион теңге ақшалай сыйлық, алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» берілді. Ал екінші орын иегері Нұрдәулет Жарылғаповқа 5,5 миллион теңге мен күміс белбеуге қол жеткізді. Турнир барысында қола жүлдеге жамбылдық Ғалымжан Қырықбаев қол созып, 1,8 миллион теңге мен қола белбеуге ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше