Қоғам • 04 Шілде, 2022

Қазақстанда қылмыс тыйылмай тұр

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір апта ішінде Қазақстанда үш мыңға жуық қылмыс жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қылмыс тыйылмай тұр

Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек бір апта ішінде ел аумағында 2 941 қылмыс жасалғанын айтты.

«Оның 1 851-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 9 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 54 тонау және 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», деді министрлік өкілі.

Шұғыла Тұрлыбек жыл сайын көлік апатынан екі мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңға жуық азамат жарақат алатындығын да атап өтіп, «Сергек» камерасының бұл қауіптерді азайту бағытында қолданылу жайына тоқталды.

«Тараптар жол қауіпсіздігі мен жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды анықтау және түрлі қылмыстарды ашуда бейнетіркеу камераларының тиімділігін талқылады. «Сергек» жүйесінің келесідей ерекшеліктері бар: жылдамдықты оптикалық анықтау, машиналарды іздеу, тәуліктік бейнебақылау, бейнежазбаларды сақтау және талдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, басқа камералармен және мемлекеттік жүйелермен байланыс. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында және «Сергек» камераларының көмегімен жол-көлік апатынан болатын өлім-жітім мен қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейі айтарлықтай азайды», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше