Аймақтар • 04 Шілде, 2022

Атырауда дизель отынын заңсыз сатқандар ұсталды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз саудасы жүзеге асырылған. Полиция заңсыз әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Атырауда дизель отынын заңсыз сатқандар ұсталды

Атырау облысының Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2022 жылдың маусым айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізді.

Нәтижесінде 2 жеке тұлғаның 1300 литр алкоголь өнімдерін және 2500 литр дизель отынын заңсыз жолмен сатқаны анықтады.

«Іс материалдары Жылыой аудандық сотына жолданды. Жалпы осы жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысында 139 мың литр дизель отынының, 338 мың литр жанармайдың, 4 мың литр алкоголь өнімдерінің және 260 қорап темекі өнімдерінің заңсыз саудасының жолы кесілді», делінген ведомство ақпаратында.

Көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше