Қоғам • 07 Шілде, 2022

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан бидай мен меслинді, бидай және қара бидай ұнын әкетуге квоталар енгізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды

«Қазақстан аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен ел аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 550 000 тонна көлемінде бидай мен меслинді (СЭҚ ТН коды – 1001) және 370 000 тонна көлемінде бидай және қара бидай ұнын (СЭҚ ТН коды - 110100) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі. Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін күшінде болмақ», деп жазды ведомство.

Бидай мен меслинді, бидай және қара бидай ұнын әкетуге сандық шектеулер ел ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды.

Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25