ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, еліміздің Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Ауғанстан мен Тәжікстанға жасаған жұмыс сапарын Эмомали Рахмонмен кездесумен қорытындылады. Тәжік Президентімен жарты сағатқа жоспарланған кездесу екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
Кездесу барысында Тәжікстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық, аталған Ұйымның осы елдегі офисінің жұмысы әңгіме өзегіне айналды. Осы ретте ЕҚЫҰ-ның Тәжікстандағы офисі аймақтағы ең бір үлкені саналатынын айта кеткен жөн. Мұнда 200-ге тарта қызметкер жұмыс істесе, соның 156-сы тәжік азаматы болып табылады. Сондай-ақ бұл елде өткен жылдан бастап Ұйымның шекарашыларды даярлайтын колледжі жұмыс істей бастапты. Онда аймақтағы елдердің шекара қызметі мамандарын оқыту жүргізілуде. Үстіміздегі жылы аталған оқу орнында ауғандық шекара қызметкерлерін оқыту қолға алынатыны белгілі болды.
Сондай-ақ аймақтағы проблемалар, нақты айтқанда, Ауғанстан мен Орталық Азиядағы жағдайлар барысы талқыға салынды. Тәжікстан Президенті орын алған оқиғаларды терең саралау осындағы ЕҚЫҰ өкілдігінің жұмысына өте пайдалы болатынымен бөлісті. Сонымен бірге, Э.Рахмон Ұйымның Саммитін өткізуді қолдап, форумның басты тақырыптарының бірі Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталуы қажеттігін айтты.
Елімізге ерекше ықылас танытып келе жатқан Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азиядағы көпжылдық интеграциялық жігерін, Тәжікстандағы дағдарыс жағдайы орын алған шақтағы еңбегін бағалайтынын білдірді. Тәжік басшысының айтуынша, Н.Назарбаев терең саясаткер, ондай саясаткер посткеңестік кеңістікте жоқ. Кез келген мәселені түпкілікті саралап, проблеманы талқылауда және оны шешуде табандылық таныта алады. Нұрсұлтан Назарбаев тек қазақтарға, қазақстандықтарға ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия мен посткеңестік аймаққа да керек”, – деді Э.Рахмон ағынан жарылып.
ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Қазақстанның Ұйымға төрағалығы аймақ үшін құнды болып табылатынын ерекше атады. Ең алдымен, оның жұмысы Ауғанстаннан туындайтын экстремизммен және терроризммен күреспен байланысты. Олай болса, үстіміздегі жылы терроризммен күрес жөніндегі конференция болатыны да айтып өтілді. Конференцияның басты мақсаты Ауғанстан мен оның айналасындағы, яғни аймақтағы проблемаларды талқыға салу болмақ. Сонымен қатар, Арал мәселесінің де назардан тыс қалмайтыны белгілі болып отыр. Қ.Саудабаев ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің Аралды оңалдыру мақсатында нақты материалдық үлес қосу үшін донорлық конференция өткізілетінінен де хабардар етті.
Қорыта келгенде, Тәжікстан Президентімен болған кездесу нәтижелілігімен ерекшеленді. Мұндай кездесулердің ЕҚЫҰ-ның аймақтағы интеграциялық үдерістерді тереңдетуге өзіндік үлес қосатынына септесетіні күмәнсіз. Сонымен қатар, еліміздің білім беру бағдарламаларын күшейтіп, кадрларды даярлау арқылы Орталық Азия мен Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға күш салған игі мақсатын тағы бір жағынан ашып көрсетті.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32