Аймақтар • Бүгін, 11:58

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың полиция департаменті есірткілік құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері мен еріктілер үйлер мен құрылыстардың, гараждардың қабырғаларына есірткі таратушылар жазып кеткен наркограффитилерді жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Алдын алу шаралары бойынша тек «Черемушки» шағын ауданында ғана 15 наркограффити боялып, жойылды. Бұлар есірткінің қайда жасырылғанын көрсеткен сілтемелер. Өкінішке қарай, таратушы бір нүктені бірнеше жерде көрсетуі мүмкін. Өйткені наркоффитидегі жазулар ұқсас, дегенмен бірнеше нүктенің сілтемесі жойылғаны анық.  Өткен жылы полицейлер интернеттегі есірткі ресурстарға апаратын 1457 сілтемені бұғаттады.

Павлодарда ірі көлемдегі есірткі қоры жойылды

Соңғы жаңалықтар