Қазақстан • 21 Шілде, 2022

Отандық көліктерді экспорттау көлемі артып келеді

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың 6 айы ішінде елімізде 51 мыңнан астам автотехника шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық көліктерді экспорттау көлемі артып келеді

Автомобиль, тіркеме мен жартылай тіркемелер өндірісі 30,6%-ға артты. Машина жасаудағы сала үлесі 37,5%-ға өсті.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстанға экспорт 23%-ға артып, 4 557 автомобильге дейін өскен. Жалпы сомасы 53,9 млрд теңгеден асты.

Биыл 13 шілдеде бағдарламаға қатысушы банктер 90 млрд теңге сомасына 11 825 өтінімді мақұлдады. Мақұлданған өтінімдер бойынша қазірдің өзінде 7 852 автомобиль шығарылды.

Айта кетсек, Қазақстандағы ең танымал брендтердің бестігіне Chevrolet, Hyundai, Kia, Lada және JAC автокөліктері кіреді.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025