Аймақтар • 11 Тамыз, 2022

Биыл ШҚО-да 100-ден астам жер үй өртенді

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 100-ден астам жер үйде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл ШҚО-да 100-ден астам жер үй өртенді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай қаласында Островский көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шықты. Қызыл жалын үй шатырының ағаш құрылымдарына, кіреберісі мен моншаға жайылды.

«Өртті сөндіруге 3 техника мен жеке құрамнан 7 адам жұмылдырылды. Көп ұзамай 164 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Үй иесінің азаматтық некедегі жұбайы денесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Қазір жалынның шығу себебін мамандар анықтап жатыр», делінген ақпаратта.

Жыл басынан бері өңір бойынша жеке тұрғын үйлерде 100-ден астам өрт болды. Олардың көбісінде - отты абайсыз қолданудан, электр құралдарын пайдалану және пешпен жылыту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан өрт шыққан.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35