Оқиға • 18 Тамыз, 2022

БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 тамызда Казталов ауданы аумағында болған.

«Шамамен сағат 14.20-да Казталов-Жалпақтал-Чапаев жолының 145-шақырымында 1999 жылы туған жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен 1984 жылы туған тұрғын айдап келе жатқан «Лада Вестаға» жол бермей, соқтығысқан. «Лада Приора» автокөлігінің жолаушылары қаза тапты. Қалған 7 адам ауруханада. Қазір ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар

Шекарасыз ақпараттық майдан

Басылым • Бүгін, 11:20

Нейрожелі БАҚ-тың бағын байлай ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 10:50

Журфак сабақтастығы

Пікір • Бүгін, 10:40

Жәдігерлер жоқшысы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 10:30