Оқиға • 22 Тамыз, 2022

Қарағандылық полицейлер киіктің 700-ден астам мүйізін тәркіледі

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар елді мекенінде соңғы бірнеше жыл ішінде аталған екі облыс аумағында Қызыл кітапқа енген киіктерді заңсыз атумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандылық полицейлер киіктің 700-ден астам мүйізін тәркіледі

Қылмыстық топ мүшелері мерзімді түрде киіктерді атып, мүйіздерін Қытайға жөнелту мақсатында оңтүстік өңірге сатып отырған. Олар қылмыстық жолмен алынған киік мүйізінің бір келісін 80-100 мың теңге аралығында сатқан.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 6 тінту жұмыстарын жүргізіп, қылмыстық топтың үш мүшесі (34 пен 46 жас аралығында) ұсталып, үшеуіне іздеу жарияланды. 150 келі, яғни 732 дана киік мүйізі тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктілерден таразы, пышақ суық қаруы, тіркелмеген қару және авто-мототехника тәркіленіп алынды», деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған факті бойынша ҚК-тің 339-1-бабына (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу әрекеттерімен Қарағанды облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушілері айналысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03