
Ұлттық командамыздың бас бапкері Магомед Адиев осы ойындарда ел намысын кімдер қорғайтынын жария етті: Қақпашылар – Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»). Қорғаушылар – Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев, Талғат Көсепов (екеуі де – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко, Әлібек Қасым (барлығы – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»). Жартылай қорғаушылар – Юрий Логвиненко, Рамазан Оразов, Максим Самородов (барлығы – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Әділет Садібеков («Қайрат»). Шабуылшылар – Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Роман Муртазаев («Шахтер»).