Спорт • 08 Қыркүйек, 2022

«Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы елордаға келеді

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы, ұлыбританиялық Энди Маррей Astana Open ATP 500 жарысында ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

«Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы елордаға келеді

Маррей жарысты ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған.

Энди – үш бірдей «Үлкен дулыға» додасында (Wimbledon – 2013, 2016, US Open-2012) үздік шығумен бірге теннис тарихында ерлер арасында жекелей сында екі мәрте Олимпиада чемпионы атанған жалғыз спортшы.

Айта кетейік, 1-9 қазан аралығында елордадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында өтетін айтулы додада Э.Маррейден басқа «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпиондары: Даниил Медведев (US Open-2021), Марин Чилич (US Open-2014) және Стэн Вавринка (Australian Open-2014, Roland Garros-2015, US Open-2016) бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37