Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022

Павлодарда есірткі сататын интернет-дүкен анықталды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының полиция департаменті есірткіні өндіру мен сатумен айналысатын ірі арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда есірткі сататын интернет-дүкен анықталды

Есірткі сатушылар Telegram желісіндегі интернет-дүкенді пайдаланған.

Кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында діни деструктивті ағымды ұстанған ерлі-зайыптылар ұсталды.

«22 жастағы жігіт қылмыстық әрекетті ұйымдастырушы болып, бір мезгілде Павлодар облысы мен Алматы қаласында есірткі заттары сатылған интернет-дүкеннің әкімшісі және операторы қызметін атқарғаны анықталды. Оның 19 жастағы әйелі ломбардтар мен облысаралық курьерлердің қызметін қадағалап отырған», деді Павлодар облыстық ІІД бастығы Василий Скляр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жалпы салмағы 6,7 келіден астам үнді қарасора, тыйым салынған заттарды қаптауға арналған полиэтилен пакеттер, электр лентасы, таразы және калькулятор тәркіледі.

Қазіргі уақытта сотталушыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1,3-бөлігімен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше