
Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Қарсы алу рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды.
Айта кетсек, келіссөз барысында бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.