Газет фототілшісі Орынбай Балмұрат кеше түсірген мына суреттегі Астана қаласының № 54 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары секілді еліміздің сан мыңдаған бойжеткендері мен бозбалалары үшін бүгін ең шалғайдағы ауылдардан бастап үлкен шаһарларға дейінгі барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылады.
МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР МЕШІТТЕ БОЛДЫ
“Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” ЖҚ “Жас ұрпақтың бойына рухани парасаттылық құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудың” тұжырымдамасы аясында көптеген қоғамға пайдасы мол іс-шараларды атқару үстінде. Соның бір дәлелі, күні кеше ғана оқу жылын аяқтаған елордалық мектеп бітіруші түлектер “Жас Отан” ЖҚ және “Нұр Астана” орталық мешітінің ұйымдастыруымен “Нұр Астана” мешітіне келіп, танымы мен тағылымы, тәлімі мен тәрбиесі мол рухани дәріс тыңдап қайтты.
“Кездесудің мақсаты – өмірдің бір белесінен екінші белесіне аяқ басқан түлектерге алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, “Батамен ел көгерер” деген аталы сөзді негізге ала отырып, жастарға бата беріп, ақ жол тілеу” – дейді аталмыш рухани іс-шараны ұйымдастырушылар.
Елорданың 15 мектебінен келген 400-ге жуық мектеп оқушылары өздеріне рухани азық болатын бұл дәрісті ұйып тыңдады. “Нұр Астана” орталық мешітінің бас имамы Қ.Заңқоев дәріс барысында оқушыларға ой салатын салмақты сөздер айтты. Бас имам өз сөзінде: “Сіздердің алдарыңызда дәл қазір бір-ақ мақсат бар. Ол қалай да жоғарғы оқу орнына түсу. Яғни, студент атану. Ата-ана мен ұстаздың үкілі үмітін ақтау. Лайым Жаратқан хақ жар болып, сол ниеттеріңізге жеткізсін! Елбасымыз: “Біздің болашағымыз жастар” деп сіздерге үлкен сенім артып отыр. Сенім артылып отырған қандай жастар? Әрине, білімді де білікті жастар” – дей келе білім алудың маңыздылығына тоқталды.
Ал, “Жас Отан” ЖҚ-ның ресми өкілі Нұрлан Құлманов өз сөзінде адамзат жолында имандылықтың ерекшелігін тілге тиек етсе, “Нұр Астана” орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан “Бақыттың бастауы – иман” атты тақырыпқа кеңінен тоқталып, адам үшін бақыттың не екенін, шынайы бақытқа жетудің жолдарын Құран аяттарынан үзінділер келтіре отырып баяндады. Ең соңында Бас имам Қ.Заңқоев құран оқып, жас жеткіншектерге ақ жол тілеп бата берді.
Осы жүздесуден кейін мектеп түлектеріне “Нұр Астана” орталық мешіті мен “Жас Отан” ЖҚ дайындаған кітаптар, газет-журналдар, аудио дискілер тегін таратылды.
Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32