Спорт • 17 Қыркүйек, 2022

Дәулет Шабанбай олимпиада медалін ресми түрде иеленді

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының тарихындағы жазғы Олимпиада ойындарының тұңғыш медалін еркін күрес шебері Дәулет Шабанбай иеленгені мәлім. Жерлесіміз «Лондон-2012» ойындарының қола жүлдесін ресми түрде қабылдап алды.

Дәулет Шабанбай олимпиада медалін ресми түрде иеленді

Еркін күрес шеберіне бұл медаль күрес түрлері бойынша Сербияда өткен әлем чемпионаты барысында табыс етілді. Біріккен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович даңқты спортшыға жүлдені өзі табыстап, құттықтау лебізін жеткізді.

Естеріңізге салып өтейік, Лондон олимпиадасында еркін күрестен 120 келіге дейінгі салмақта Дәулет Шабанбай қола үшін белдесуде ресейлік Билял Маховқа есе жіберді. Бұл салмақта алтынды өзбекстандық Артур Таймазов, күмісті Грузия балуаны Давид Модзманишвили иеленгенімен, кейін олардың допинг тестерінен тыйым салынған заттар анықталып, екі спортшының нәтижелері де жойылды. Осылайша үшінші орын алған Махов пен Иран елінің өкілі Комеил Гасеми жеңімпаз болып танылып, қос спортшы да алтын медальды қанжығалады.

И

Біріккен күрес әлемінің шешімі бойынша күміс медаль ешкімге берілмеді.

А

Ал олимпиада ойындарындағы жалпы есепте 5-орынға табан тіреген қазақстандық Дәулет Шабанбай мен АҚШ спортшысы Тервел Длагнев қола жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15