Қоғам • 26 Қыркүйек, 2022

Жыр алыбы дәріптелді

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен сенбінің кешінде жыр алыбы Жамбылдың рухы аспандап берді. Ас­тана төрінде. Дәлірек айт­­қанда, Тәшенов кө­ше­сінің бойындағы Жамбыл Жабаев ес­керт­кішінің ал­дында рес­публикалық «Күй анасы» қорының ұй­ым­дас­тыруымен ақын шы­ғармашылығына ар­налған V «Жыр мен күй жәр­­меңкесі» өтті. Он­да жас жеткіншектер Жам­был жыр­ларын оқып, күй шертті.

Жыр алыбы дәріптелді

Республикалық «Күй ана­­сы» қорының жетекшісі Төлеген Қуанышев сөз сөйлеп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жамбылтанушы Уәлихан Қалижан «Жамбылға жаңа көзқарас» атты баянда­ма жасады. Халықаралық және республикалық конкурс­тардың лауреаты Құрман Бай­­тас Жамбыл атамыздың «Тө­гейін жырды халқыма» деген толғауын орындады.

Жәрмеңкенің бір ерек­шелігі – домбыраға әуестігі бар өнерлі балаға ата-анасы немесе қор өкілдерінің ел алдында домбыра сыйлауы. Бұл жолы бес балаға үкілі домбыра табысталды. Сондай балаларға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, күйші Орынбай Дүйсен бата берді.

Оқушылар Жамбыл Жа­баевтың өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерін­д­е оқыды. Ақын шығар­ма­шы­лығы насихатталып, бас­қа да күйшілердің күйлері орындалған іс-шара байқау тү­рінде өтті. Оқушылар бірі­нен бірі өтіп күй тартты. Ал­дыңғы орыннан көрінген ба­лаларға үкілі домбыра, кі­таптар берілді.

Кеш барысында сөз сөйле­ген «Күй анасы» қорының же­тек­шісі Төлеген Қуанышев іс-шараға ұйытқы болған қа­ла­лық қоғамдық кеңеске, Бай­­қо­ңыр ауданының әкім­дігіне, Қазақ Ұлттық өнер уни­верситетіне алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50