Қоғам • 06 Қазан, 2022

Ескерілмеген ереже, тексерілмеген жағалау...

393 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Су – тілсіз жау. Жаз бастала сала Төтенше жағдайлар департаменті маман­дары суға шомылудағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, ескерту жа­саумен болады. Соның өзінде суға батып, қайтыс болғандар саны аз емес. Облыста 1 қыркүйектен бастап шомылу маусымы ресми түрде аяқта­лып, жуықта құтқарушы мамандар жаздай атқарған жұмыстарын қоры­тындылады.

Ескерілмеген ереже, тексерілмеген жағалау...

Жаз маусымында ТЖД қызмет­кер­ле­рі 14 адамды, оның ішінде 2 баланы судан құтқарған. Құтқарушылар жер­гі­лікті атқарушы органдары, полиция, волонтерлік ұйымдармен бірлесіп күн сайын рейд өткізді. Ұзын саны 2 340 рейд жүргізіліп, 304 ескерту және тыйым салу белгісі, 130 көрнекі стенд орнатылған. Демалушылардың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету бойын­ша патрульдеу үшін Самар ауданында Күршім ауылында және Кө­гіл­дір бұғаз жағалауында мобильді бе­кет­тер жұмыс істеді. Сондай-ақ Өскемен қаласының аумағына құтқарушы­лар­дың жылжымалы бе­кет­те­рі қойылды.

Облыстық ТЖД Азаматтық қор­ға­ныс басқармасының басшысы Руслан Орынбековтің мәліметінше, жаз мез­гі­лінде су айдындарында 7 адам суға батып кеткен.

– Статистика көрсетіп отырғандай, көп жағдайда қайғылы оқиға адам­ның шамадан тыс өзіне деген се­нім­ді­ліктің, күшін асыра ба­ға­­лаудың, судағы жүріс-тұрыс ере­же­лерін ес­кер­меудің, тыйым салынған және тек­серілмеген жер­лерде шомылудың, мас күйде болу­дың салдарынан орын алған. Суға батқандардың барлығы 18-46 жас аралығындағы ер адамдар, – дейді Р.Орынбеков.

Жасалған сараптамалық іс-қағаз­да­рына үңілсек, оқыс оқиғалар не­гі­зі­нен демалыс күндері тіркелген. Жеті өлімнің екеуі Ұлан ауданындағы көлдерде болған. Ал шомылу маусымы басталғалы көпшілік демалатын орын­дарда 189 құқық бұзушылық анық­­талды: ортақ су пайдалану қағи­да­ларын бұзу бойынша – 80 адам, алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 75 демалушы жауапқа тартылды.

Жауапқа тартылады, ескерту жасалады. Алайда келесі жылы дәл осы оқиғалар қайталанбасына кім кепіл?! Неге біз осы, қарапайым ережені ескере бермейміз?!

 

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30