Президент • 20 Қазан, 2022

Жетісу облысында жеті білім ошағы салынады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен алдағы 3 жылда тағы 7 білім ошағын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.Бұл туралы Президент Қасым-Жомрат Тоқаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты.

Жетісу облысында жеті білім ошағы салынады

«Әділетті Қазақстанды құру дегеніміз – барша азаматтарға бірдей мүмкіндік жасау деген сөз. Сапалы білім жастардың болашаққа сеніммен қадам басуына және еліміздің дамуына жол ашады. Сондықтан, жас ұрпақтың, әсіресе, ауылда тұратын балалардың жайлы мектепте алаңсыз білім алуына жағдай жасау өте маңызды. Бұл өңірде апатты жағдайда тұрған және үш ауысыммен оқытатын мектеп жоқ. Бірақ босаңсуға болмайды», деп атап өтті Мемлекет басшысы Жетісу облысындағы сапары барысында.

Президенттің айтуынша, қазір аймақта 12 мектеп салынып жатыр. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен алдағы 3 жылда тағы 7 білім ошағын салу жоспарланып отыр.

Осы орайда Қ.Тоқаев мердігерлердің жұмысы сапалы болуын және. олардың жұмысын қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтті.