Қоғам • 10 Қараша, 2022

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражат қайда жұмсалады?

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Әлихан Смайылов жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражат мектеп салуға жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражат қайда жұмсалады?

Сенатта Үкімет басшысы сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген ақшаны алу үшін Қаржы министрлігінің арнайы есепшоты қарастырылғанын атап өтті.

«Құқық қорғау органдары жемқор шенеуніктерге де тиісті шешім шығарған. Ақша қаржы министрлігінің арнайы шотына түседі және қазірдің өзінде түсіп жатыр. Қазірдің өзінде 50 миллиард теңгеге жуық қаржы түсті. Таяу болашақта бұл сома 100 миллиард теңгеге дейін өскенін күтудеміз. Қаражат мектеп салуға және мектептерге қосымша құрылыстар салуға бағытталады», деп түсіндірді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, қазір Білім министрлігі тиісті құжаттаманы дайындап жатыр.

Еске салайық, 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жемқорлардан тәркіленген ақшаны Қазақстанда мектеп салуға жұмсауды тапсырған болатын.

«Жемқор шенеуніктерден мемлекеттен заңсыз алған барлық қаражатты алып, мектеп салуға жұмсау керек», деген еді Мемлекет басшысы.