Аймақтар • 17 Қараша, 2022

Шымкенттегі саз мектебі Нұрғиса Тілендиев есімімен аталады

685 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ашық НҚА сайтында Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Шымкент қаласындағы №3 балалар эстетикалық саз мектебіне күйші композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің есімі беріледі, деп жазады Egemen.kz.

Шымкенттегі саз мектебі Нұрғиса Тілендиев есімімен аталады

Қаулы жобасы 30 қарашаға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

«Шымкент қаласы білім басқармасының «№3 балалар эстетикалық саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», делінген қаулы жобасында.

Айта кетейік, КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің дүниеге келгеніне биыл 92 жыл. Сазгер 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы. Нұрғиса Тілендиевтің атымен республикадағы музыка мектептері, музейлер мен көшелер аталған.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025