Әлем • 17 Қараша, 2022

Швеция конституциясына өзгеріс енгізді

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қараша күні Швеция парламенті антитеррорлық заңнаманы қатайтатын конституцияға өзгертулерді мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz euronews-ке сілтеме жасап. 

Швеция конституциясына өзгеріс енгізді

Жаңа ереже «террористік әрекеттермен байланысты топтардың жиналу бостандығын шектеуге» арналған.

Швецияның негізгі заңына енгізілген бұл өзгерістер Скандинавия корольдігінің НАТО-ға кіруіне тосқауыл болып отырған Түркияның мүддесі үшін жасалды. Енді Швецияға Анкара лаңкес деп санаған күрд ұйымдарымен байланысы бар адамдарға қарсы іс қозғау оңайырақ болады.

Бұған дейін, Швеция - Анкара ғана емес, Вашингтон мен Брюссельде де лаңкес деп таныған ұйым мүшелеріне елді паналауға мүмкіндік беріп келген болатын. Алайда әлемдік саяси ситуациялар, яғни Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін жағдай өзгерді. Енді Швеция НАТО-ға кіруге өтініш берді, бірақ Түркия оның кандидатурасына қарсы болды.

Оқиғаның басы,  Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы ұстанымы, атап айтқанда, одақтағы болашақ одақтастар Анкараның ұлттық қауіпсіздік мәселелерінде алаңдаушылықтарын бөліспейді деген қауіпке негізделген болатын. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өз кезегінде Анкараға берген уәделері орындалмайынша, Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне қатысты ұстанымын өзгертпейтінін айтты. 

Сол себепті Швеция Түркиямен одақтасу мақсатында, бірқатар өзгеріс енгізді. Аталған заңнама да соның нәтижесі. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50