Сайлау • 20 Қараша, 2022

ЖСДП өкілдері сайлау барысын бақылап жүр

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттіке ұсынылған Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілі, аталған партияның Ертіс-Баян өңіріндегі филиалының төрағасы Ажар Сағандықова сайлауға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЖСДП өкілдері сайлау барысын бақылап жүр

«Байқаушылардың мобильді тобының қатарында таңертеңнен бері Павлодар қаласының бірнеше учаскесінде болдым. Жерлестеріміздің белсенді көзқарасы мен дауыс берудегі жауапкершілігі қуантып отыр. Бірқатар учаскелерде азаматтардың тіркелген жері бойынша мәселелер  анықталды. Ол – учаскелік сайлау комиссиясының кінәсі емес.  Учаскелерде отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері сол жерде азаматтарды тіркеп, түсініспеушіліктерді қапелімде шешіп жатты. Мұндай жағдайдың жаңадан салынып жатқан «Сарыарқа» шағын ауданы аумағында бірнеше мәрте қайталанғанына куә болдық. Адамдар әлі тіркеуге тұрып үлгермеген. Қазір міне, № 15 сайлау учаскесі орналасқан жерге келіп отырмыз. Ешбір кемшілік тіркелген жоқ. Комиссия мүшелері келушілерге сауатты түрде барлығын түсіндіріп, толық мағлұмат беруде», дейді ол. 

Ажар Сағандықова 2007 жылдан бері елімізде өтіп жатқан саяси науқандарға белсене қатысып келе жатыр. Ол ұзақ уақыттан соң өзі тіркелген партиядан алғаш рет президенттіке үміткер ұсынып, тұңғыш рет сенімді өкілі атанып отырғанын үлкен абырой деп санайды.

Айта кетейік, қазіргі сәтте әр қала, аудан, ауылда ЖСДП байқаушылары сайлау барысын бақылап жүр.