Медицина • 23 Қараша, 2022

Баланы тұмаудан қалай қорғаймыз?

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір қаламызда ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі тіркеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Баланы тұмаудан қалай қорғаймыз?

Елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, осы аптада қатер тобындағы ЖРВИ жұқтырудың, атап айтқанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында 10 мыңнан астам жағдай тіркелген. Өзіңізді және балаңызды тұмаудан қорғаудың 5 ережесі туралы медицина ғылымдарының докторы, инфекционист-дәрігер Динагүл Баешова айтып берді.

ЖРВИ және тұмау – вирустық инфекциялар тобы. Аурудың қоздырғыштары 300-ден асады, олар әртүрлі жолдармен таралады.

«Қазір Астанада В тобының тұмауы таралуда. Ауру бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ауыр болып жатқанын көріп отырмыз. Вирустар иммунитет тапшылығы кездесетін қолайсыз преморбидті фоны бар балалар үшін ерекше қауіп төндіреді. Преморбидті фонға балаларда туғаннан пайда болатын ауруларды: орталық жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының, өкпенің және басқа ағзалардың даму барысындағы ақауларды жатқызамыз», деп атап өтті Динагүл Баешова.

Оның айтуынша, осы мезгілде ғимарат ішінде және далада маска тағып жүру өте маңызды. Сондай-ақ егер адамда ЖРВИ мен тұмау белгілері болса алақанға емес, шынтақ буынына түшкіріп, жөтелуі керек. Вирус тек ауа арқылы ғана емес, сонымен қатар тығыз байланыс арқылы да таралатынын есте ұстаған жөн. Алақаныңызға түшкірсеңіз, оны дереу жуып, қашықтық сақтаңыз.

Лас қолды мұрынға, ауыздың, көздің шырышты қабығына тигізбеңіз. Дәрігер осындай жөтел әдебі мен қарапайым тазалық ережелері жұқпалы аурулардың алдын алатынын ескертті.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03