Аймақтар • 28 Қараша, 2022

Алматыдағы мектепте жылу жүйесі жарылғаны туралы видео тарады

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясында сабақ кезінде жылу жүйесі жарылып, оқушылар күйіп қала жаздаған. Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Оқиғаға байланысты қаланың білім басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы мектепте жылу жүйесі жарылғаны туралы видео тарады

Әуезов аудандық білім бөлімі әлеуметтік желіде жарияланған бұл оқиғаның 2020-2021 оқу жылында, нақты айтқанда наурызда №175 гимназияның қазақ тілі кабинетінде болғанын айтты.

«Екінші ауысымның үшінші сабағынан кейінгі үлкен үзілісте жылыту жүйесі жарылды. 6-сынып оқушылары аяқтарына су тимес үшін орындық, партаның үстіне шығып алды, балалар зардап шеккен жоқ. Жүйедегі апатты мектептің техникалық қызметкерлері бірден жөндеді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Кесікбаева дер кезінде әрекет етпей, оқушылар әбігерге түсті», деп хабарлады білім басқармасындағылар.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50