Қазақстан халқының ерік-жігерінің өкілі болып табылатын Қазақстан Парламентінің қымбатты мүшелері алдында сөз сөйлеу мен үшін үлкен құрмет, деп бастады сөзін А.Гүл. Түрік Республикасының негізін қалаушы ұлы Ататүрік республиканың құрылғанына 10 жыл өткеннен кейін, 1933 жылғы 29 қазанда сөз сөйлеген. Біздің де ұранымызға айналған сөздерінде қысқаша былай деген: “Бүгін Кеңес Одағы – досымыз, одақтасымыз. Алайда, ертең не боларын бүгін ешкім кесіп айта алмайды. Дүние жаңа тепе-теңдікке ұласуы мүмкін. Міне, сол кезде Түркия не істеу керектігін білуі тиіс. Бұл досымыздың қол астында тілі, діні, тегі бір бауырларымыз бар. Оларға қолұшын созуға дайын болуымыз қажет! Әзір болу – сол күнді үнсіз күту емес. Дайындалған жөн. Халықтар бұған қалай әзірленеді? Рухани көпірлерді сақтай отырып әзірленеді. Тіл – бір көпір... Сенім – бір көпір... Тарих – бір көпір. Тамыр-тегімізге оралып, сан қилы оқиғалармен сөгілген тарихымызда түгенделуге тиіспіз”.
Көсеміміз Ататүріктің осы мағыналы сөздері – бізге қалдырылған өсиет, деді Түркия басшысы. Ол түрік және қазақ халықтары бір-бірінен ажырап қалған ұзақ жылдарға қарамастан, тілдері мен өткенінің, мәдениетінің бір екенін әрдайым жадында сақтап, әрқашан арман-тілектері бір болған екенін айтып өтті.
Қазақстанның тәуелсіздігін алған алғаш күннен бастап, барлық салада алға басқан шешімді қадамдарын үлкен мақтанышпен бақылаудамыз, деп жалғады сөзін Түркия Президенті. Осы шешімді қадамдардың арғы жағында Қазақстанның тарихи тәжірибесі, түрлі мәдениеттің басын қосып отырған толеранттылық қасиет, көреген көшбасшы мен басшылықтың адами және табиғи байлықтарды саналы және тиімді пайдалануы жатыр. Осы байсалды ұстаным Қазақстанның сыртқы саясатында да көрінісін тапты, деп атап өтті Абдулла Гүл. Осының нәтижесінде екі елдің қарым-қатынасы Қазақстан Президентінің 2009 жылғы қазанда Түркияға сапары кезінде қол қойылған Стратегиялық әріптестік шартымен өз шыңына жетті.
Түркия Президенті Астана қаласын Қазақстанның серпінділігі мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды деп атап өтті. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз, деді Абдулла Гүл.
Қазақстанның жаһандық дағдарыспен өз ресурстарымен күресуі, экономикалық көрсеткіштер, жүзеге асырып жатқан маңызды жобалар еліңіздің экономикалық дамуы бағытындағы күші мен шешімділігін көрсетеді.
Түркия қазіргі таңда 72 миллион жас халқы, серпінді экономикасы, бәсекеге қабілетті индустриясы және білікті жұмыс күшімен әлемнің 16-шы, Еуропаның 6-шы экономикалық күші болып табылады, деді түрік басшысы.
Азия мен Еуропаны, Батыс пен Шығысты бір-біріне жақындататын, өңірдегі елдердің экономикалық дамуы мен өркендеуіне үлес қосатын жаңа көлік, байланыс және энергетика дәліздерін жетілдіруде, яғни жаңа Жібек жолдарын салуда Түркия мен Қазақстанға маңызды рөлдер мен тарихи жауапкершіліктер жүктеледі, деп ой сабақтады А.Гүл. Қытай және Қиыр Шығыс пен Еуропа рыноктарын жылдам және қауіпсіз түрде бір-біріне байланыстыратын Баку-Тбилиси-Карс темір жол желісі Қазақстанның да қолдауымен жүзеге асырылған кезде тарихи Жібек жолы қайтадан жаңғыртылуы арқылы қойылған мақсатымыз шеңберінде маңызды қадам жасалатын болады. Қазақ мұнайының 2008 жылғы қараша айынан бастап Баку-Тбилиси-Жейхан шикі мұнай құбыр желісі арқылы қара алтынның әлемдік рынокқа тасымалдануы энергетикалық ынтымақтастығымыз үшін маңызды бетбұрыс болды.
Әлемнің көптеген жерлерінде болып жатқан түйткілдер мен жаһандық қауіптердің бірқатарына мәдениеттер мен өркениеттер арасында ұзақ уақыт байланыстың болмауы, төзімсіздік және басқа мәдениеттер мен діндерді қате түсінушілік себеп болуда. Мәдениетаралық үйлесімге ынталандыру және адамдардың бір-бірін сыйлауын нығайту мақсатында Түркия мен Испания Өркениеттер альянсы бастамасына мұрындық болды. Аумағында 130-ға жуық этностар тобын толеранттылық және келісімде өмір сүргізіп жатқан Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының шаңырағында құрылған Өркениеттер альянсының Достық тобына белсенді қатысуы біз үшін ерекше маңызды болып табылады, деді А.Гүл.
Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне уақытша мүшелігі, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі – халықаралық қоғамдастықтың елдеріміздің өңірлік тұрақтылық пен ынтымақтастыққа үлкен үлес қоса алатынына білдірген сенімінің белгісі. Батыстан тыс жерде орналасқан мемлекеттің ЕҚЫҰ тарихында бірінші рет төрағалық етуі Қазақстанға жүктелген міндеттің маңыздылығын айқын көрсетеді. Қазақстан осы күнге дейін ұстанған әсерлі де сындарлы саясаты, өңірдегі елдермен жақын байланысы және тарихи мұралары арқылы ЕҚЫҰ аумағындағы шешілмей келе жатқан келіспеушіліктерді еңсеруге де үлес қосады деп шын көңілден сенеміз.
Осы шеңберде Қырғыз елінде сәуір айында болған және бізді алаңдатқан оқиғалардың одан әрі өршімей тұрып шешу жөнінде ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстанның көмегін жоғары бағалайтынын жеткізді Түркия басшысы.
Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы университет және басқа да білім орындарында оқып жатқан түрік жастары елдеріміз арасында қалыптасқан бауырластық қатынастарды келешекке жеткізетін көпірлердің негізін қалайды және құрметті елшілеріміз болады, деді сөзінің қорытындысында Түркия Президенті. Осыған байланысты парламенттерімізге де зор міндеттер жүктеледі. Ұлттық тәуелсіздігіміздің нақты өкілі болып табылатын парламенттеріміз, заң шығару саласындағы тәжірибелерін, өңірлік және жаһандық тақырыптарға байланысты ой-пікірлерін бір-бірімен бөлісуі, ортақ тұғыр қалыптастыруы стратегиялық серіктестігімізге ерекше дәреже беретін болады.
Халықтарымыз арасындағы мәңгі достық пен ықпалдастық жарқын келешегімізде жаңа көкжиектер ашады деген сеніммен баршаңызға ең ізгі ниеттерімді жолдаймын, деді Түркия Президенті Абдолла Гүл сөзінің соңында.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Есірткі • Бүгін, 23:05
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Экономика • Бүгін, 22:31
Қазақстанның спорт қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдауда біртұтас ұстанымын білдірді
Ата заң • Бүгін, 21:28
Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:40
Пәкістан астанасындағы мешітте жарылыс болып, 31 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:50
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті
Ғылым • Бүгін, 18:33
Алматыда Конституцияға енгізілетін түзетулерге қолдау білдірілді
Ата заң • Бүгін, 18:17
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 18:00
«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Өнер • Бүгін, 17:27
Ақтауда ірі өрт болды: Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр
Оқиға • Бүгін, 17:19