АСТАНА. 4 маусым. Атырау облысының шағын және орта бизнес өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтан тиімді келісім-шарттар күтіп отыр. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
2013 жылы Атырау облысы мен Ресей және Беларусь елдері арасындағы тауар айналымы 300 млн. долларды құраған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш ұлғая түседі деп күтілуде.
Беларусь республикасы Гомель облысы губернаторының орынбасары Болеслав Пирштук: «Кедендік түрлі кедергілердің жойылуы, жұмыс күші мен инвестицияның еркін қозғалысқа түсуі бизнестің дамуына оң ықпал етеді. Сондықтан біз экономикалық қатынастарды жандандыра түсуіміз керек. Бұл ретте Қазақстаннан үйренетініміз көп. Себебі Қазақстанда шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қамқорлық көп. Біз осы үрдісті өзімізде пайдалануды жоспарлап отырмыз», – деді.
Сол сияқты, ірі кәсіпорындар да шетелдік компаниялармен іскерлік әріптестіктің жаңа кезеңіне шықпақ.
Алдағы уақытта облыстың шағын және орта бизнес өкілдер Ресей мен Беларусь нарығына батыл қадам басуға ұмтылыс білдіруде.
Бүгінде Атырау облысында Ресей мен Беларусь капиталының қатысуымен 200-ден астам бірлескен кәсіпорын бар.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: ortcom.kz.
• 04 Маусым, 2014
Атыраулықтар Еуразиялық экономикалық одақтан үлкен үміт күтеді

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше