Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде талай дүниені іске асыруға болады. Бұл тек сауда-саттық жасап, тауарларыңды сыртқа шығарып, пайда табу ғана емес. Сонымен қатар, білім жетілдіріп, тәжірибе алмасып, озық дүниелерін игеріп, өз өмірімізге дендеп енгізіп, дамудың даңғылын кеңейту болса керек. Осы тұрғыдан алғанда Қызылорда облысы алғашқы жұмыстарды бастап кетті. Себебі, қызылордалық 153 түлек Мәскеуде білім алғалы жатыр.
Қызылордаға Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетінен арнайы комиссия келіп, 643 мектеп бітірушіден емтихан қабылдады. Айта кетейік, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен аталған оқу орнымен бұған дейін әріптестік байланыс орнатылған. Сынақты сәтті тапсырған 153 оқушы ресейліктер тағайындаған гранттарды иеленді. Жерлестеріміздің басым бөлігі металлургия, нанотехнология секілді мамандықтарды таңдап отыр.
Бұл да себепсіз емес. Өйткені, аймақта металлургия саласын дамыту қолға алынып жатқаны белгілі. Ал аталған саланы дамыту үшін мамандар қажет. Әрине, маманды сырттан шақыруға да болар еді. Бірақ өз балаңды оқытып, одан мықты жасап, ел игілігіне жұмсағанның рахаты да бөлек қой. Міне, бүгін оқуға түскен балалар төрт жылдан соң Қызылорда облысындағы металлургия саласын жандандыруға жігерлене кірісетін болады. Ал оған дейін олар Германия, АҚШ, Франция мемлекеттерінде іс-тәжірибеден өтіп келмек.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
ҚЫЗЫЛОРДА.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа ойын формасын таныстырды
Футбол • Бүгін, 17:35
Виктор Друзин көркем жүзуден әлем Кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:49
Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02