Жалпақтал ауданымыздағы іргелі ауылдардың бірі. 5000-ның үстінде халқы бар ауылдың жағдайы күн өткен сайын жақсарып келеді. Бүгінде әр отбасы өзінің жағдайын дұрыстауға өздері талпына бастағанына шүкіршілік дейміз. Бұрын әр отбасы үй салу былай тұрсын, қора-қопсысын жөндеуге шамалары келмейтін еді. Өткен жылдан бері ауыл тұрғындары өз қаражаты есебінен жаңа үй салып, үйлерінің ауласы түрлі-түсті қаңылтырлармен қапталып жатқаны қуанарлық жағдай. Оның үстіне жеке кәсіпкерлеріміздің сауда үйін, шағын дүкендерді салғанын қосыңыз. Сонымен қатар, былтырғы жылы өз қаражаты есебінен Айдос Сәрсенғалиев мешіт мұнарасын тұрғызып, ел алғысына бөленді. Ал 1969 жылғы ауылымыздың ел ағалары мәдениет үйінің алаңын жаңартып, субұрқақ, өрнек тастармен өрілген жол салғандарын мақтаныш сезіммен айтамыз. Нағыз елдің патриоттары деуге тұрарлық жағдай. Кешкісін сол «арбат» бойына шыға қалсаң, балаларымен демалып жүрген отбасыларын, балғын бүлдіршіндерді көргенде құдды бір қалада жүргендей боласың.
Осындай игі дәстүр биыл да өз жалғасын тапты. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 1977 жылғы ауылымыздың азаматтары өздері қаражат жинап, орталық саябақтың ішінен шағын спорт алаңын салуды жоспарлаған болатын. Сол жоспарлары іске асып, қазіргі уақытта жұмыстары біркелкі жүріп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған өткен жылғы Жолдауында бұқаралық спортты жандандыруға байланысты спорт саласына ерекше маңыз берілді. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, саламатты өмір салтын насихаттауға және тұрғындардың тұрақты түрде денешынықтыру және спортпен айналысуына бұл игі шаралардың атқарар маңызы зор. Бұл спорт алаңының ішінде шағын футбол, баскетбол ойындарын ойнауға жағдай жасалған. Спорт алаңының айналасы қоршалып, жасанды көк шөптермен көмкерілетін болады.
Туған ауылымызға осындай алаң салудағы басты мақсатымыз жасөспірімдерді спортқа баулып, ұлт денсаулығының ең басты кепілі – саламатты өмір салтын қалыптастыру. Ауылымызда өткен жылы «69-жылғылар» атанып кеткен ел ағаларының жасаған істерін көріп, біздер де туған жеріміздің көркеюіне өз үлесімізді қосуды жөн санадық. Спорт алаңын ауыл шетінен де салуға болар еді, ол жерге жастарымыздың бірі барса, бірі бара алмай, сол күйінде қалуы мүмкін. Сондықтан да біз орталық саябақ ішінен салуды жөн көрдік. Ауыл жастары көп жиналып, бірі қыдырып жүрсе, кейбіреулері осы алаңға келіп, спорттық ойындар ойнайтын болады. Алдағы күндері бітетін болады. Осы алаңда болашақта біздің ұл-қыздарымыз жаттығып, нағыз спортшы патриоттар шығатынына кәміл сенеміз, дейді 1977 жылы туған Жалпақтал ауылының азаматтары.
«Елдің атын ер шығарады» демекші, туған елдің жарқын келешегі үшін қазірдің өзінде үлкен тірліктер атқарып жүрген жалпақталдық азаматтардың мұнысы мақтауға тұрарлық іс.
Тұрарбек АҚМУРЗИН.
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы,
Жалпақтал ауылы.

Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа ойын формасын таныстырды
Футбол • Бүгін, 17:35
Виктор Друзин көркем жүзуден әлем Кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:49
Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23