Теннис • 20 Желтоқсан, 2022

Дубайда бақ сынайды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы (БАӘ) World Tennis League турниріне қатысып жатыр.

 

Дубайда бақ сынайды

Күні кеше жалауы желбіреген турнирде теннисшілер төрт топқа («Бүркіттер», «Сұңқарлар», «Қаршығалар», «Әуе жыландары») бөлініп, 18 ойыншы өнер көрсетеді. Уимблдон чемпионы Е.Рыбакина «Қар­шығалар» тобында германиялық Алек­сандр Зверев, аустриялық Доминик Тим және эстониялық Анетт Контавейтпен бірге ойнайды. Барлық топ бір-бірімен кездеседі. Ең үздік екі топ финалда кім мық­тыны анықтайды. Әр бәсеке үш ойыннан тұрады, біреуі ерлер, екіншісі әйелдер арасында, үшіншісі аралас жұпта (микст) болады.

Жерлесіміз бүгін әлемнің бесінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен сынға түседі. Екі күннен кейін Рыбакина Зверевпен бірге канадалықтар Феликс Оже-Альяссим – Эжени Бушармен кортқа шығады. 23 желтоқсанда әлемнің 4-ракеткасы франциялық Каролин Гарсиямен шеберлік байқасады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30