Былтырдан бері түлектер Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын кезде мемлекеттік комиссияның мүшесіміз. Талай қызықтың куәсіміз-дүр. Жылаған-сықтаған, қуанған-шаттанған сәттерді көрдік. Жас баланы емтиханға кіргізер алдында шешіндіріп тексергенді де «тамашаладық». Мұның бәрі бүгінде қалыпты жағдай. Оқушылардың өздерінен де бар. Қолындағы телефонына емес, басындағы біліміне сеніп кірсе, еш бәле де жоқ. Бірақ, олай ететін түлек кем. Түрлі техниканы арқалап кіруге дайын. Онысы кіреберісте қалады. Аудиторияға өткеннің өзінде бақылаушы мен камераның көзінен тыс қалмайды. Пайдаланып үлгермейді. Соны біле тұра, ішке телефон мен рация кіргізуге құмар. Бірақ, айтпағымыз бұл емес.
Астанадан Қызылордаға келетін бақылаушыларға қатаң тапсырма берілетінін ішіміз сезетін еді. Қабақтарынан қар жауған бақылаушылар баланың зәре-құтын қашырып, онсыз да жылаудың сәл-ақ алдында тұрған түлекті шошытып тынатын. Биыл да сондай болды. ҰБТ-ның үшінші күнінде оқушыларды аудиторияға кіргізу үшін төрт сағат тексеру болды. Таңғы сағат 7:30-да келген балалардың алды түскі 11:30 кезінде тест тапсыру залына кірді. Мұның бәрі баланың психологиясына кері әсер ететіні белгілі. Оны қойшы, тестің жауаптары белгілі болып жатқан. Жалпы, қорытынды 73,1 баллды құрады деген ақпарат алдық. Осы сәтте Астанадан келген бақылаушылардың басшысы қуанғанынан «уралап» қоя берді. Жан-жаққа телефон шалып, қуанышымен бөлісіп жатыр. Ақырын ғана себебін сұрадық. Сөйтсек, әлгі апай: «Егер биылғы көрсеткіш былтырғыдан едәуір өсіп кетсе, менің басым кетер еді. Биылғы былтырғымен бірдей» деп күліп қарап тұр. Бұған не дейсің?! Жарайды, тест кезінде пайдалануға болмайтын құралдарды сыпырып алсын. Балаларды қатаң тексерсін. Олар білімдеріне ғана жүгінсін. Онысына еш қарсылық жоқ. Ал енді «былтырғы көрсеткіштен аспауы керек» деген не тапсырма? Сонда Қызылорданың балаларының бәрі білімсіз бе? Өткен жылғы түлектердің білім деңгейі төмен болғанмен, биылғысы білімді шығар. Сонда не болмақ? Неге көпе-көрінеу балаларға қиянат жасалады? Мұндай тапсырманы кім берді? Осындай сұрақ көп. Бірақ жауабы жоқ.
«Ала қойды бөле қырқуға болмайды». Емтихан – баланың тағдыры. Осы әрекеттері арқылы Астанада отырған ақ жағалы ағайындар жастардың тамырына балта шабатынын біле ме? Онсыз да әзілкеш Тұрсынбек Қабатов айтпақшы, ҰБТ-ыңыз «ұлттық бір күндік төңкеріс» сипатында өтеді. Даурығып, дүрлігіп бір басыламыз. Мәселені қиындата бергеннен не табамыз, айтыңыздаршы?!
Қайбір жылғы Жаңақорған ауданында орын алған жағдай бүкіл облысқа кері әсерін тигізіп тұрғанын шамалаймыз. Дегенмен, сотталған адамның өзі ақталып жатады ғой. Бір кездегі қателік өмір бойы аймақтың маңдайына шіркеу болып тұра бере ме?! Осыны ойладыңыздар ма?
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
ҚЫЗЫЛОРДА.

Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа ойын формасын таныстырды
Футбол • Бүгін, 17:35
Виктор Друзин көркем жүзуден әлем Кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:49
Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23