Экономика • 21 Желтоқсан, 2022

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Онда ауыр өнеркәсіп саласындағы активтерді мемлекет меншігіне қайтару және жүк т/ж қызметтерін көрсетудің жекелеген салаларын демонополизациялау жөніндегі шаралар талқыланды. 

Премьер-Министр қорытынды шешімдер қабылдау үшін жауапты мемлекеттік органдар еліміздің экономикалық мүддесін ескере отырып, отырыста айтылған ұсыныстарды қосымша пысықтауы қажет екенін атап өтті. 

«Мемлекет басшысы бізден байыпты және әділ шешімдер күтеді. Қарастырылып отырған әрбір жағдай бойынша нақты нәтижелер қажет. Осы орайда әріптестерімізден Комиссияның шешімдерін белгіленген мерзімде сапалы түрде пысықтауды қамтамасыз етуді сұраймын», деді Премьер-Министр. 

Сонымен қатар қатысушылар Комиссияның биылғы шешімдерінің орындалуы туралы есепті тыңдады. 25 отырыстың қорытындысы бойынша 124 тапсырма берілген, оның 93-і орындалды, қалғаны орындалу сатысында.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03